Жыл басында бекітілген бұйрық негізінде "Профилактикалық кеңес" төрайымы және кеңес мүшелері, хатшы құрамы 7 адамнан жасақталған болатын.
Құрамында қамқоршылық кеңес мүшесі, ауыл инспекторы бар.
Профилактикалық кеңестің атқаратын қызметі:
Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу.
Яғни кәмелет жасқа толмаған оқушылардың құқық бұзу іс-әрекетінің алдын алу болып табылады.
Мектепішілік есепке алынған оқушымен жүйелі жұмыс жүргізу, тәуекел топ отбасыларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізу.
