Желтоқсан айының жоспарына сәйкес, «Ұшқыр ой» дебат клубы 9,10- сыныптар арасында пікірсайыс турнирін өткізді. Аталмыш додаға 3 команда қатысты. Атап айтатын болсақ, 10 «А» сыныбы «Заңғар» командасы, 10 «Б» сыныбы «Шың» командасы және 9 «А» сыныбы «Ұшқыр ой» командасы. Қатысушылар бірнеше қарарларды ортаға салып, өз позицияларын берік ұстана білді. Әділ қазы алқасы ойынды «жақсы» деп бағалап, командаларды 1,2,3 орындармен марапаттады. Одан бөлек «үздік спикер» және «үздік оратор» номинациялары да табыстады.
#біртұтастәрбие_маңғыстауоблысы
#дебат #ұшқыройалаңы
