ЖББ Қарақұдық мектебінің кітапханашылары Дүйсенбаева Ақзия және Қожахметова Гүлнар "Балалар кітапханасы" жобасы аясында оқушыларға заманның заңғар жазушысы, абыз да аңыз тұлға Маңғыстау топырағының қасиетін әлем жұртшылығына танытқан Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына орай таным сағатын өткізді.
Мектеп кітапханасының қорындағы жазушының кітаптарын оқушыларға таныстырып, "Шыңырау", "Аңыздың ақыры", Абылай хан" т.б. шығармаларының түсінігін қысқаша баяндап өтті. Әрбір шығармасы тұнған тағылым мен ғибратқа толы ақын атамыздың таңдап алған кейіпкерлерінің өмірі мен танымынан тағылым алуға шақырды.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы


