ЖББ Қарақұдық мектебінің 9 «Б» сынып оқушылары 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай құттықтау видеоролигін дайындады. Видероликте бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің алғысы мен ақ тілегі бейнеленген.
Қазақ халқы қай заманда да әр ұлтты сыйлап, жарты наны болса да бөліп беріп қамқорлық көрсетіп отырған. Сан ғасырлық тарихтың қай парағын ашсаң да қазақ деген ұлы елдің ұрпаққа аманат еткен ұлы құндылықтарының қатарында өзгені сыйлау, құрметтеу, кесе көлденең алдынан өтпеу насихатталған.
«Киіз сатсаң көршіге сат шетінен өзіңе орын бұйырар» деп мәтелдеткен қазақ халқына айтар алғыс шексіз!
#алғысайтукүні #мыңалғысқазақеліндегіхалыққа
