Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” ақпараттық науқаны негізінде жоспар…

ЖББ Қарақұдық мектебінде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" ақпараттық науқаны негізінде жоспар жасалды.Жоспарға сай шаралар жалғасын табуда. Аталған жоспарға сай 8-9-10-11 сынып білім алушыларына полиция инспекторымен жиналыс өтті. Бостан ауылы бойынша №12 әкімшілік аймаққа учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Кұттымұратов Ермағанбет Жеткербайұлы оқушыларға жиналыс барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы болса сенім номеріне бірден хабарласу бойынша түсіндірме жұмысын жасады. Сонымен қатар жиналыс барысында ҚР-ның Заңнамасына сәйкес зорлық-зомбылық фактісі кезінде алынатын шаралар, айыппұлдар туралы да ақпараттандыру жұмысын жасады.
Сонымен қатар алда келе жатқан "Жаңа жыл" мерекесіне орай қауіпсіздікті қатаң сақтау керек. Ата-аналар балалрдың қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстауы керектігі айтылды. Жиналысқа 8-11 сыныптардан 130 оқушы, 5 сынып жетекші, ДТІЖО және тәлімгер қатысты.
#MNG_біргетоқтайық

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *