Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” ата-аналарға тренинг өтті. Жоспарға…

ЖББ Қарақұдық мектебінде “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” ата-аналарға тренинг өтті. Жоспарға сай тренингті ұйымдастырған мектеп психологі Тұрлыманова Ынталы. Мектеп психологы Тұрлыманова Ы 6сынып ата-аналары жиналысына қатыса отырып, "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" тақырыбында тренингін өткізді. Тренинг мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата – ана тәрбиесінің әдіс – тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату. Баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей, зорлық-зомбылықсыз қарым – қатынас орнатуға бағыт бағдар беру. Тренинг психологиялық дайындық ретінде шаттық шеңберімен басталып, өлең жолдарын табу арқылы топқа бөлінді. Әкелер тобы, аналар тобы және отбасы тобы атауларымен. Топқа тақырыптар беріліп, сызу, жазу, шимайлау арқылы өз көзқарастарын, ойларын жеткізе отырып постер қорғады. Ата-аналармен «Тәрбие, отбасы, қарым-қатынас» бейнеролигі тамашаланып, сұрақ-жауаптар арқылы талданды. Би терапиясымен сергіту сәті өтіп, пікір алмасу болып өтті. Аналар өз ойларын, ашық көрсете алды. Рефлекция жылы тілек арқылы қорытындыланды.#MNG_біргетоқтайық

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *