ЖББ Қарақұдық мектебінде жсопардағы тәрбие сағаты шарасы өтті. Тақырыбы: "Тілім менің – тірегім".
Шараның мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадірін-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу.
Тәрбие сағатының барысы: 5 б сынып жетекшісі Білалова Бұрыш Нұрмұханбетқызының ұйымдастыруымен кезекті тәрбие сағаты интелектуалды ойын сабақ түрінде өткізілді.
Б. Момышұлы атамыз айтқан “Тілін білмеген түбін білмейді” сөзімен басталды.
Тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретті емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Одан әрі оқушыларды “Болашақ”, “Талапкерлер”, “Сұңқар” тобы үш топқа бөлінді. “Суреттер сөйлейді” және “ Кім жылдам” кезеңнен тұратын интелектуалды ойын басталып, екі кезең бойынша оқушылар белсене қатысты. Қорытынды бойынша тілге деген құрмет білдіру мақсатында әдемі музыкалық әнмен аяқтады. Ойын қорытындысы бойынша мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ұзақбаев Н қорытынды сөзін айтып, оқушыларымызды мадақтады.
1-орын “Болашақ” тобы
2-орын “Сұңқар” тобы
3-орын “ Талапкерлер” тобы және сынып арасынан сабаққа бесене қатысқан екі оқушы Есентемір Алихан және Аширбекова Амина марапатталды. Ойын жақсы өтті.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау
#тілімменіңтірегім
