ЖББ Қарақұдық мектебінде жоспарға сай «Ілияс Жансүгіров – 130 жыл» тақырыбын арқау етіп ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаттың мақсаты:
Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Ақынның бойындағы шығармашылық қасиеттерін оқушыларға дарыту.
Құндылық: қоғамға қызмет.
Оқушылар “Ғалым”, “Ақын”, “Талапкер” болып үш топқа бөлінді.
Әрбір топ оқушылары ақынның өмірбаянынан, өлеңдерінен қысқаша үзінді айтты.
Екінші кезең бойынша оқушылар алған мағұлматтары бойынша әрбір топ өз ойларымен ортаға бөлісті.
Кезең бойынша берілген тапсырма бойынша оқушылар ақынның өлең жырларын жатқа айтты.
Қорытынды бойынша кітапқа деген құрмет білдіру мақсатында мектеп кітапханашының кітап көрмесімен тәрбие сағаты аяқталды.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #ілиясжансүгіров130жыл
