ЖББ Қарақұдық мектебінде желтоқсанның 6-сы күні 5-7сынып оқушыларына “Бала қатыгездігіне ЖОҚ дейміз” атты сурет байқауы өтті. Сайысқа әр сыныптан 1 оқушыдан қатысты. Сурет салу сайысында тақырыпқа сай оқушыларға суреттер үлгі ретінде берілді. 45 минутқа жүйеленген сайыстың қорытындысын көркем еңбек пәні мұғалімі Бинепесова Жамила және ДТІЖО Жакупова Асел анықтап, оқушыларды мектеп директорының 1-2-3 орын дипломдары және номинацияларымен тәлім сәтінде марапаттайды. #MNG_біргетоқтайық #біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы







