Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде желтоқсан айының жоспарына сай ашық тәрбие сағаты…

ЖББ Қарақұдық мектебінде желтоқсан айының жоспарына сай ашық тәрбие сағаты өткен болатын. Тәрбие сағатын ұйымдастырушы бастауыш 3 "Ә" сынып жетекшісі Айтгүл Есенбайқызы. Тәрбие сағатының тақырыбы "Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым" болды. Шараның мақсаты: оқушыларды ҚР-ның өз алдына дербес ел болып, азаттықтың таңына 33-жыл толуымен таныстыру, тамыры терең тарихын еске түсіру, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті. Тәрбие сағатында оқушылар "Тәуелсіздік" сөзінің әр дыбысына мәнді сөйлем құрастырып көпшілікке түсінгендерін айқындап көрсетті. Сонымен қатар әнші оқушыларымыз "Тәуелсіз елдің ұланымыз" әнін шырқап көптің көңілінен шықты!
Қатысқан оқушы саны: 20!
#біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *