ЖББ Қарақұдық мектебінде наурыз айындағы жоспарға сай "Бұрымды ару әдемі" атты шара өтті.
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс – қимыл, жүріс – тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс – әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын негізге ала отырып өнегелі 15 минут негізінде өткен шараға 90 бұрымды аруымыз қатысты.
Арнайы қойылған талаптарды сақтай отырып шаштың ұзындығы "белге жету", әдемі өрімі "үш өрімнен өзге", шашбау тағудың тәртібі, шаштың тазалығы, қалыңдығы, боялмауына қарай отырып қаракөз қыздарымызға мектеп директорының атынан алғыс хат берілді.
Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы тұнған бір,
Өнер қуған ұрпақпыз деп ақындар өлеңіне қосқан аруларымыздың күнделікті шашын өріп, бұрымды болып жүргеніне көз қуанары сөзсіз!
Бүгінгі шара алдағы уақытта да жалғасын табады.
#біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы #бұрымдыаруәдемі #nauryznama2025
