Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде кездесу кеші өтті. Тоңдырды мені, Тоңдырды сені.…

ЖББ Қарақұдық мектебінде кездесу кеші өтті.

Тоңдырды мені, Тоңдырды сені. Желтоқсан желі ызғарлы. Солдырды гүлді, Оңдырды нұрды, Көңілде мұңды із қалды.

Осыбір өлең шумағын естіген жанның жүрегі дір етіп, буырқанған қан жүйріктей жүйткіп, көңіл көктемі күзге айналғандай алабұртып кететіні рас. Себебі бұл өлең шумағы "желтоқсан" оқиғасын еске салады. Көзден аққан жастың кермек дәмі көкіректі қарс айырып, талай боздақтардың қыршын кеткен ғұмыры көз алдымызға келетіні де рас.

Бүгін сонау 1986жылы "Тәуелсіздік" аңсап, қазақ үшін деп ұрандатқан жастардың бірі болған алдыңғы шепте тұрып студенттік шақтарында алмағайып күй кешкен жан білім ордасына қонақ боп келді.
"Ызғарлы жылдар жаңғырығы жадымда" тақырыбын арқау еткен бұл күннің басты кейіпкері – Әспенбет Жәлиұлы! "Желтоқсан батыры" ағамыз мектеп ұжымы және оқушылармен кездесу кешіне келді. Кездесуді Жәния Өмірбайқызы және ДТЖО ұйымдастырды.
Кездесуге батыр ағамыздың сыныптастары да келіп сырлы сұхбат құрды. Әспенбет ағамыз қиын заманның естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға амандық, бақ, өсіп-өркендеу керек деп ақ батасын берді.
Оқушылар желтоқсан оқиғасы туралы сұрақтарын қойып Әспенбет ағамызбен әсерлі сұхбат өрбіді.
Кездесу кешінде ағамызбен бірге оқыған достары бейне құттықтау жолдады.
Әспенбет Жәлиұлы тек өндіріс саласының маманы ғана емес
нағыз өнерлі тұлға! Сегіз қырлы, бір сырлы ағамыз кеш барысында оқушы кездегі "Парталастар" әнін шырқап қонақ кәде жасады.
Бұл күнде жұбайы Раямен бірге 3ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген құрметті әке! Отабсының тірегі, барша маңғаз өлкенің мақтанышы! Сонымен қатар өндіріс саласының да үздігі!

Сәті түскен кездесу кеші мәнді де мағыналы, өте жоғарғы деңгейде өтті.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #тәуелсіздікке33жыл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *