ЖББ Қарақұдық мектебінде «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында әкелер мен балалар арасындағы ерекше сыйластықты, тәрбие мен өнегені көрсету мақсатында өткен «Әке көрген оқ жонар» шарасы. Көнекөз ата-бабадан келе жатқан ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа үйрету, бірге жасау, қолмен ұстап көзбен көрсету мақсатында аталар мен әкелер шараға белсенді қатысты.
Бүгінгі өткен шараға қатысқан аталар, әкелер шеберлікті ортаға салып балаларымен бірге көпке үлгі боларлықтай дүниелер жасады. Тек жасап қойған жоқ үйден жұмыстың 30%-ын дайындап, қалған бөліктерін аяқтау үшін білім беру ұйымына ат басын тіреді.
Шараға қатысушы Абдуллаевтар отбасының тірегі, батагөй ақсақал Терекбай атамыз өзінің қос немересіне «ұршық, қамшы, ләңгі» қалай жасалатынын көрсетіп, айтып түсіндіріп көпшілікке кеңінен насихаттады. Мединаевтар отбасының тірегі Марат ағамыз Нұрдана немересімен бірге «мұрындық пен қамшы» жасау шеберлігін көрсетті. Тілекбаевтар отбасының тірегі Алғабай ағамыз ұлы Нұрасылмен бірге қара шаңырақ құтты үйдің макетін жасап шықты. Рзабековтер отбасынан Жәнеғұл әкесі мен Айя қызы ұлттық ойын түрі «Ләңгі тебуді» көрсетіп көпшіліктің көзайымы болды.
Қашықтықтан қатысқан Маратовтар отбасынан Еркін оқушымыз атасымен бірге қазақтың қара қазаны мен ошағын жасап әкелді. Қай заманда да қазақ қара қазанын құтты санағаны белгілі.Қарамадиновтер отбасынан қатысқан Артур оқушымыз әкесімен бірге «Ноқта» бұйымын жасап әкелді.
Барлық қатысқан аталар, әкелер мен балалардың қол еңбектері мектеп мұражайының қорына табысталды.
Әкесін көріп ұл өсіп елдің егемендігін еңселі ететін тәлімі мен тәрбиесі ұшан теңіз ұрпақтарымыз көп болсын!
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#еңбегі_адалжасөрен_жобасы
#әкекөргеноқжонар
@birtutas_tarbie_mangystau @karakia_bilim_bolimi
