Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде “Бозбала” ұлдар ұйымына мектеп инспекторы, аға лейтенант…

ЖББ Қарақұдық мектебінде "Бозбала" ұлдар ұйымына мектеп инспекторы, аға лейтенант Құттымұратов Ермағанбет мырзамен жиналыс өтті. Бұл жиналыс жалпы 3-оқу тоқсанын қорытындылау, кешкілік рейд жұмысының қорытындысы және көктемгі каникуль кезіндегі қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстау бойынша өтуде.
Жиналыста күн тәртібіндегі негізгі 3 мәселе бойынша талқылау жүргізілді.
1-құқық бұзушылықтың алдын алу;
2-буллинг және кибербуллингтен қорғану;
3-нашақорлықтың алдын алу;

Бүгінгі жиналыс 5-6-7 сыныптың ер балаларына жасалып, түсінік жұмысы жүргізілді.
Жиналыста сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұркелді Жұмабекұлы білім алушылардың арасында буллингті болдырмау және соған байланысты шаралардың өтіп жатқанын сөз етті. Қосымша ішкі тәртіпке бағына отырып мемлекеттік мекеме бұйымдарына зиян тигізбеу, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету, дәліздегі жүріс-тұрыстың қалыпты болуы бойынша түсінік жасады.
Жиналысқа келген құзырлы орган өкілі Құттымұрато Ермағанбет мырза қазіргі таңда барлық балада ұялы телефон бар және ұялы телефон арқылы кибершабуылдарға тап болмаудың алдын алу бойынша бірнеше нақты дәлелдермен түсіндірме жұмысын жасады.
Жиналысқа 2 мұғалім, 69 білім алушы қатысты.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #құқықбұзушылықтың_алдын_алу #нашақорлықтыңалдыналу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *