ЖББ Қарақұдық мектебінде биылғы 2024-2025 оқу жылында жұмысқа орналасқан жас маман Ақсындар Аязбайқызы 8 "А" сыныбына тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаттың тақырыбы: “Махмұд Қашқари – түркі әлемінің ұлы ғалымы”.
Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Кейін оқушылар Махмұд Қашқаридың нақыл сөздерін айтып, ғұламаның даналығымен бөлісті. Осыдан кейін ұлттық өнерді насихаттау мақсатында “Ерке сылқым” күйі орындалды. Оқушылар дайындаған “Махмұд Қашқари – түркі әлемінің жарық жұлдызы” атты көрініс қойылып, ғалымның өмірі мен еңбектері сахналанды. Тәрбие сағаты қазақ биімен қорытындыланды.
Бұл тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Махмұд Қашқаридың еңбектерін таныстырып, түркі мәдениетінің маңыздылығын көрсету.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы






