ЖББ Қарақұдық мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде "ШАБЫТ" жобасын негізге алып қараша айының жоспарына сай мектеп алды даярлық тәрбиешілері Нәзира Көптілеуқызы, Күмісай Орақбайқызы, Жазира Ниязбекқызы ашық тәрбие сағатын өткізді.
Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы "Ұлттық ойындар".
Тақырыпқа сай бүлдіршіндер "Тақия тастамақ", "Хан талапай", "Теңге алу" болып үш топқа бөлініп 4-кезеңдік сайысқа түсті.
1-кезең: топты таныстыру, ұран айту.
2-кезең: топ атына сай ұлттық ойын ойнау.
3-кезең: арқан тартыс.
4-кезең: кім мықты қол күрес.
Аталған кезеңдерге әділ-қазылық еткен БОІМ Айгүл Доғдырбайқызы және ДТІЖО Нұркелді Жұмабекұлы болды. Тәрбие сағатына ата-аналар да қатысып бүлдіршіндермен бірге болды.
Сайыс нәтижесінде ашық тәрбие сағатта ұлттық ойындарды бүлдіршіндер түсініп, біліп, қуана жасап тұр.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #ашықтәрбиесағаты #ұлттықойындар












