Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде 2024жылдың 2 желтоқсан күні “Жас толқын” клубының…

ЖББ Қарақұдық мектебінде 2024жылдың 2 желтоқсан күні “Жас толқын” клубының жылдық жоспарына сай “Оқушылармен кері байланыс орнату және оқуға мотивация беру әдістері” тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: Кәсіби мамандарды қалыптастыру, олардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және өз саласында жетістікке жету үшін қажетті білім мен дағдыларды дамыту.
2023-2024 оқу жылында жұмысқа орналасқан жас мамандар, биылғы оқу жылындағы жас мамандарға сайыс сабақтар, тренинг, ойын түрлері және баяндама көрсетті. Семинарда іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге мектепішілік сертификат табысталды. Семинар өз дәрежесінде өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *