ЖББ Қарақұдық мектебінде "16-желтоқсан Тәуелсіздік" күніне орай мектепішілік 8-11 сынып оқушылары арасында спорттық сайыс өтті. Тартысқа толы волейбол сайысында оқушыларымыздың көрсеткен ойын өрнегі өте жақсы.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастырған шара өте жақсы өтті!
Салауатты өмір салтын ұстану, елдік пен егемендікті сақтау жолында елі үшін аянбай еңбек ететін жастардың арасында ең бастысы АУЫЗБІРШІЛІК қажет.
Рухты көтеріп, бір-біріне деген сыйластықты арттыратын өнегелі шаралардың легі әлі де көп!
Бүгінгі сайыс нәтижесінде: 1 орын – 9 сынып
2 орын -8 сынып
3 орын -(10-11сынып)
Үздік ойыншы – Жолдыбай Мадина
Үздік үйлестіруші- Убайдулла Жансерік
Үздік шабуылшы- Мұрат Ерасыл болды!
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
