Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне…

ЖББ Қарақұдық мектебінде 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, 2025 жылдың 12-21 ақпан күндері аралығында «Шын жүректен кітап сыйла» республикалық челленджін ұйымдастырылды.
Челленджге бастауыш және жоғары сынып білім алушылары үлестерін қосуда. Өздерінің оқыған ертегі, аңыз, мақал-мәтел кітаптарын өзге оқушыларға оқуға ұсынып кітапхана қорына үлестерін қосқаны өте жақсы бастама!
Челлендждің мақсаты: «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау, кітапалмасу мәдениетін дамыту, кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту, мейірімділік пен жомарттыққа баулу, сондай-ақ әдебиет арқылы білім мен эмоцияны әлеуметтікпен байланыстыруды нығайту.

Сағиұлы Бірәлі 4 «а» сынып оқушысы да челленджге өз үлесін қосуда.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#шынжүректенкітапсыйла📚❤️ #балаларкітапханасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *