Skip to content

ЖББ Қарақұдық мектебінде 09.12.2024 жыл күні тәлім сағатында тәлімгер жетекшілердің…

ЖББ Қарақұдық мектебінде 09.12.2024 жыл күні тәлім сағатында тәлімгер жетекшілердің “Жаңа ұрпақ көшбасшыларын қалыптастыру” тақырыбында өтетін апталықтың ашылуы болды. Апталық бойынша жоспар жасақталып, бекітілді. Әр тәлімгердің осы аптада өткізілетін ашық сабақтарының тақырыптары мен уақыттары жарияланды. Жас мамандар оқушыларға арнап, шағын ойын ұйымдастырды. Білімге, ұстазға арналған мақалдарды сурет арқылы жасырып, тапқан оқушыны тәттімен қуантты.

Тәлімгер мұғалім – маңызды тәлім – тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, биік адамгершілік қасиеттерге баулитын басты тұлға.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *