ЖББ "Қарақұдық мектебі" КММ-нің 2023-2024 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес “Қоғамға қызмет” жобасы аясында жаратылыстану бірлестігінің ұйымдастыруымен өмірден озған әріптестерімізді еске ала отырып кейінгі оқушыларға еңбек жолын дәріптеу мақсатында Ізтұрғанова Кәмшат Жақсылыққызы атындағы бітіруші сыныптарға арналған физика пәнінің олимпиадасы мен Қожахметов Қалила Айтжанович атындағы математика пәні олимпиадасы өткізілді. Алдымен олимпиада ашылуы болып, мектеп директоры сөз сөйледі. Салтанатты шараға шақырылған марқұм Қалила ағайдың жанұясы да өз лебізін білдіріп, қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Олимпиада тапсырмаларын орындауға 9-11 сынып мектеп бітіруші сыныптары қатысты. Жеңімпаздар жаратылыстану пәндері бірлестік мұғалімдері дайындаған бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
#біртұтас_тәрбие #қоғамғақызметқарақия

