Skip to content

«ЖББ Қарақұдық мектебі» КММ 25-қазан Республика күніне арналған 3-4, 5-6…

«ЖББ Қарақұдық мектебі» КММ
25-қазан Республика күніне арналған 3-4, 5-6 сынып оқушылары арасында
«Қыран елім – Қазақстаным!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыс мақсаттары мен міндеттері: Жас ұрпақ бойында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, ширек ғасыр толған Қазақ елінің жетістігін кеңінен насихаттау;
– әлеуметтік желі қолданушыларының әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық позициясын қалыптастыру;
– қоғамдық келісімді, қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал жасау;
– оқушылардың тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, шығармашылық қабілетін арттыру, ойлау қабілетін дамытып, патриоттық сезімін ояту арқылы жас таланттарды ынталандырып, өнерлі балаларға қолдау көрсету.

Мәнерлеп оқу сайысына көрермен ретінде балаларына қолдау көрсетуге аталары, аналары, әжелері келді.
Сайысқа әділ-қазы ретінде мектеп директоры, қазақ тілі пәні мұғалімі, әжелер кеңесінің төрайымы тағайындалып оқушыларға орындар мен номинацияларды табыстады.
#республика_күні #біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *