#Жаз2021 Қымбатты Бостан ауылының тұрғындары, ата-аналары мен оқушылары! Баршаңызға «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» атты демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылатындығын қаперіңізге береміз. Шарамыздың мақсаты: балалар мен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа, жасампаздыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету, бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету . Балаларыңыз мектеп қабырғасында дене шынықтыру мен ой жүйріктігін дамытатын спорттық ойындар, қолөнер, ұлттық ойындар мен бірге тарихи өлкетанымдық сабақтары жүргізіледі. Жайдарлы жазды көңілді қарсы алып, қуанышқа толтырайық достар! Біз сіздерді күтеміз!

