Жалпы білім беретін Қарақұдық мектебінде 14 маусым күні "Тәуелсіздік ұландары" атты бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанатты жиыны болып өтті. Биылғы оқу жылында 9-сыныпты 41 оқушы,11-сыныпты 19 оқушы аяқтағалы отыр.
Ең алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Айгул Избасарова Догдырбаевна түлектерге тілегін білдіріп, ақ жол тіледі.Сонымен қатар аттестат тапсыру рәсіміне кезек беріліп,11-сыныпты «Алтын белгі» белгісімен бітіріп жатырған Жаулиева Інжу Даулетқызын марапаттады. 9-сынып оқушысы Рзабек Гүлназ Жарасқызын өте жақсы оқығаны үшін «Үздік аттестатпен» марапаттады.Оқушылардың асар биігі алда екеніне біз үлкен сенімдеміз.




