"Жақсының аты өлмес, ғалымның хаты өлмес" деген мақалды қазақ халқы тектен-тек қолданбағаны анық!
Бүгінгі келіп жеткен ұстаздардың төл мерекесінде әрбір ұстазға құрмет көрсетіп, жанына жылулық шашу ғажап іс! Ұстаз-екінші анамыз! Оқушымен бірге қуанатын да осы ұстаз!
"Ана көрген тон пішер" демекші оқушыларымызды шеберлікке баулыған, кестелеу өнері мен тігін шеберлігін үйреткен зейнеткер ұстаз Алма Бесімбаева апайды БӘД бірлестігі төл мерекемен құттықтады!
Сізге зор денсаулық, отбасыңыздың амандығын тілейміз!
#біртұтас_тәрбие
#ұстаздаркүні
