Skip to content

Ұстаз – ұлы тұлға! Шәкірт бойынан жақсыны көріп, ізгілікке, парасаттылыққа,…

Ұстаз – ұлы тұлға! Шәкірт бойынан жақсыны көріп, ізгілікке, парасаттылыққа, даналық пен жақсылыққа баулитын адам өміріндегі асыл жан!
Ғалым да, кенші де, патша да ұстаздан тәлім алады. Әріп танытып, қалам ұстататын да сол – ұстаз!

"Жақсы ұстаз бәрінен қымбат, себебі ол мектептің жүрегі" деп тұңғыш ұстаз Ыбырай атамыз айтқандай мектептің жүрегі болған ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Осы мереке қарсаңында мектеп басшысының бастауымен ардагер, зейнеткер ұстаздарды бірлестік болып ұжым атынан құттықтадық!

Дауылбаева Бақтыгүл Әлқуатқызы ұзақ жылдар бойы Қарақұдық орта мектебінде ұстаздық қызмет етті. Білім сапасын көтеруге қосқан үлесі орасан! Дайындаған оқушылары аудан, облыстан асып республикалық кезеңдерден жеңіспен оралды. Мектеп әдіскері қызметін бірнеше жылдар бойы атқарып, ұжыммен етене жұмыс жүргізді. Биология пәні мұғалімі болған ұстаз бүгінгі күні зейнет жасында немерелерін тәрбиелеп отырған аяулы әже.
Білім ордамызбен тығыз байланыста болып, "Аналар" кеңесінің төрайымы болып қоғамдық іс-шаралардың ұйытқысы болып отыр!

Сізге зор денсаулық, отбасыңыздың амандығын тілейміз!

Сіздердің еңбектеріңіз ерен!

#біртұтас_тәрбие
#ұстаздаркүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *