Ұстаз – ұлы есім. Ұстаз дана адам, ол барлық оқушыларға пана бола білген кісі. Ұстаздың сабырлылығына, даналығына барлық адамзат бас иеді.Кез- келген адам ең алғаш осы өмірге алып келген анасына алғыс айтса, екінші кезекте өзіне білім берген, сапалы ілім берген ұстаздарына алғысы шексіз болуы тиіс. Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген сөздерінің жаны бар,білімді,білікті ұстаздардың алдынан тәлім-тәрбие алып өстік,өндік,жетілдік.Бостан ауылы Қарақұдық Орта Мектебінде өзіме дәріс берген мектеп басшысы Темірбай Бесімбайұлы,алғашқы ұстаздарым Есіркепов Қожахмет,Мейіров Алдаберген,сынып жетекшім Надиров Есет,Дауылбаева Бақтыгүл,математика пәні мұғалімі Сапиев Жүзбасар,Адалбаева Құралай,Гапурова Надежда,орыс тілі пәні мұғалімі Даңдықұлова Райса,тарих пәні мұғалімі Сүндетова Қазима,биология пәні мұғалімі Қосжанов Төлеп,музыка пәні мұғалімі Қонашов Қоңыр,Тәкенов Темір,еңбек пәні мұғалімі Бекембаев Ғабит,Қызылғұлов Құралбай,дене шынықтыру пәні мұғалімі Алдашов Қобылан,география пәні мұғалімі Төлеуов Жаңайбай ағайлар мен апайларымның төл мерекелерімен құттықтаймын! Себебі аяулы ұстаздарымның адал еңбегі менің биікке шығуыма септігін тигізді.Биікке шығуымның белесінде ұстаздарымның еңбегі зор.Сіздердің еңбектеріңіз еш уақытта ұмытылмайды!!! Игі тілекпен Избасарова Айгул Догдырбаевна!




