Skip to content

“Ұстаз болу – өзгенің уақытын аялау, өз уақытыңды аямау” демекші…

"Ұстаз болу – өзгенің уақытын аялау, өз уақытыңды аямау" демекші бар ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған жандарға қашан да құрмет көрсету керек!
Әрбір шәкірттің білім нәрімен сусындауына келелі үлес қосқан жан нағыз мақтауға тұрарлық тұлға деуге болады!

Қарақұдық мектебінде 1986жылы еңбек жолын бастаған жас ұстаз Айнагүл Бекқызы бүгінде зейнет жасындағы ардагер ұстазымыздың бірі! Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың санап үйренуі, әріп тануына мол үлес қосқан ұстазымыздың атқарған қызметі зор!

Елеусіз Сәуірбайқызының еңбегін білмейтін жан жоқ шығар! Оқушыларды түрлі олипиадаға дайындап, жүлделі орындарды алуға мұрындық бола білген білікті ұстаздың бірі! Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазуы мен дыбыс танып жүргізіп оқуынан аяулы ұстаздың шәкірті екенін аңғару қиын емес. Бастауышпен қоштастырып, биікке қанат қақтырған талай шәкірттері бүгінде бір-бір маман иесі болып отыр!
Осы ұстаздарымыздың
мейірімімен талай оқушының шамшырағын жаққаны үшін бастауыш бірлестігі төл мерекемен құттықтап, жылы лебізін тыңдап келдік!

#біртұтас_тәрбие
#ұстаздаркүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *