Skip to content

Ұлы Жеңістің 80жылдығы және қазыналы Қараұия газетінің 40 жылдығына орай…

Ұлы Жеңістің 80жылдығы және қазыналы Қараұия газетінің 40 жылдығына орай мұражай жетекшісі, тәжірибелі маман Жәния Өмірбайқызы керемет шара өткізді.
Тарих, газет, музей сабақтастығы : "Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" тақырыбында кездесу кеші өтті.
Шараға Бостан ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Иманмәдиев Оңдабек ағай, "Аталар мектебі" төрағасы Абдуллаев Терекбай ағай және тыл ардагері Жаңыл әжеміз, Қарақия газетінің редакторы, бірнеше кітаптың авторы Шынар Кендін қонақ болып қатысты.
Оқушыларымыз күмбірлетіп күй тартып, әуелетіп ән шырқады. Қонақтарымызға соғыс жылдары мен журналистика, газет бағыттарында сұрақтар қойылды. Мәнді сұхбат барысында қызықты сәттер, ескірмейтін естеліктер айтылды. Ақын оқушымыз Қайратұлы Рахаттың жаңа туындысының тұсауы кесіліп көпшіліктің ақ батасын алды. Ауыл тарихы, ата-бабаның ерлігі, қиындықпен келген талай құнды дүниелердің жинақталуы барлығы да осы кеште айтылды.
Тағылымы мол тарихтан сыр шерткен өте жақсы шара болды.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстауоблысы #ұлыжеңістің80жылдығы #қарақиягазетіне40жыл #аталармектебі #даналықмектебі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *