"Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу шаралары" тақырыбында Мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары арасында жиналыс өткен болатын.
Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау Қазақстан Республикасының отбасылық-демографиялық саясатының өзекті күн тәртібі болып табылады. Зорлық-зомбылықтың өсуі қоғам
мен жеке адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, осылайша өткір әлеуметтік проблема туындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2021 жылғы қарашада өткен ұлттық қоғамдық сенім
кеңесінің IV отырысында сөйлеген сөзінде осы проблеманы шешудің маңыздылығын атап өтіп, алдын
алу шараларының тиімділігін арттыруды, агрессорлармен әлеуметтік-оңалту және тәрбие жұмысының
жүйесін әзірлеуді, құқық бұзушыларға берілетін жазаларды орындау және қолданысқа енгізу жөніндегі
шараларды күшейтуді тапсырды.




