Тілдер апталығының бір күні дара ақын, ғұлама, ойшыл ақын, суреткер, композитор Абай Құнанбайұлына арналды!
"Табиғатпен үндескен ақын" тақырыбын арқау еткен бұл іс-шараның танымдық, тәрбиелік мағынасы зор.
2-9 сынып оқушылары арасында Абай шығармаларына арналған сурет байқауы өтті.
Абайдың табиғат лирикасының әдебиетте алар орны ерекше. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңген.
Шуағын шашып, бәйшешек гүлдеп көктем мезгілі келсе біз Абайдың сөгілген бұлттары мен ойнаған найзағайын еске аламыз! Жаз келсе көкорай шалғынына аунағандай әсер аламыз! Күз болса Абайдың су бүріккен дымқыл тұманынан себілген таңғы шықтың жапырақ бейнесіндегі мөлдір әдемілігіне тамсанамыз! Қыс келсе сықырлаған сары аяз арасынан шығатындай ақсақалдың бейнесін елестетеміз! Мінеки, Абайдың пейзажы, лирикасы ерекше адамға әсер етеді.
Сондықтан Абайдың ұлылығы оның шығармаларының өміршеңдегінде!
Абай Құнанбайұлының шығармаларын жас ұрпақ бойына дарытудың түрлі әдісі бар. Осы жолы сурет бейнесіне тоқталып шара өткіздік!
Байқаудың ұйымдастырушысы Айгул Доғдырбайқызы!
