Тілдер апталығының аясында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бөлекбаева Жеңісгүлдің ұйымдастыруымен, жазушы К.Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Көркем ойдың көсемі – Кемел Тоқаев» атты тәрбие сағаты өтті. Шара барысында, 5 «А» сыныбының оқушылары жазушының өмірінен мәлімет беріп, шығармаларынан ақпарат таратты. Мың бұралған биші қыздарымыз биден шашу шашса, әнші қыздарымыз әуезді әнімен мерекелік кештің сәнін әрлей түсті. Танымдық сағатына құрылған тәрбие сағаты сұрақ-жауап викторинасымен өз мәресіне жетті.
