Тіл мерекесіне орай "Ахмет – алашқа ортақ аңыз тұлға" тақырыбында диктанта жазу өтті.
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолын білу, ұлт үшін жасаған еңбегін анықтай алу, қоғамдық-саяси қызметін бағалай білу.
Міндеттері: оқушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру; сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аудару.
Диктант жазу оқушылардың орфографиялық нормаларды сақтай білуіне де үлкен ықпал етеді.
Бастауыш бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен диктант шарасына 13 оқушы қатысты.
#біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы #тілапталығы #Ахмет_ұлтұстазы #диктантжазу
