"Театр және мектеп" жобасы 02-12.06.2023жыл күндердегі жоспарға сай туған өлкенің киелі жеріне экскурсия бойынша 7 сынып Шопан ата, Күйеу там, О.Тұрмағанбет бала оқытқан мешітіне барып келді.
Маңғыстаудың ой-қырында 200-ден астам тарихи оқиғалар орын алған деседі. Сол тарихи оқиғалардың куәсі болып бүгінгі күнде мешіт-медреселер, таңба тастар, шыңырау құдықтар тұр. Алғашқы аялдама ел арасында Шопан атаның "Күйеу баласы – Күйеу там" аталған орын болды. Одан әрі Қызылсу елді-мекеніндегі О.Тұрмағанбетұлының бала оқытқан жері.
Оразмағанбет (Размағанбет) Тұрмағанбетұлы (1881, Қызылсу ауылы – 1942, Ресей, Красноводск қаласы) – діни ғұлама, ғалым-геолог, алаш қозғалысының мүшесі. Адайдың бәйімбет руынан. Әкесі Тұрмағанбет шағын дәулетті, діни мектебі бар, ахун болған адам. Алғашқы сауатын әкесінің мектебінен ашып, 10 – 11 жасында Көне Үргеніште, 1895 – 97 ж. Хиуа, Бұқарадағы медреселерде оқыған.
Осы киелі жерлерді оқушыларға көрсету, айту біздің парыз!
