Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Ағымдағы оқу жылының қыркүйек айында білім алушыларға "Адалдық сағаты" жиналысы өтті.
ДТЖО Нұркелді Жұмабекұлы және Асыл Әлкеқызы, сынып жетекшілер қатысты.
Шараның мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Білім алушылардың адал болуы, адамдық адалдық қасиеттерді нық ұстауы айтылды. Сонымен қатар білім беру ұйымының мүлкін сақтауға, адалдық сағаттарына белсенді қатысуға, су, электр секілді қажеттіліктерді тиімді тұтынуға шақырды. Білім алушыларға олардың тек қана еліміз емес, бүкіл дүниежүзілік қажеттіліктер екені айтылып түсіндірілді. #біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы #үнемдітұтыну #сыбайласжемқорлыққажолжоқ






