Skip to content

Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Қазіргі…

Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жатыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел. Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс (Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы).
Президентіміздің осы тапсырмасын іске асыру мақсатында, 10.10.2024 ж. «Алаш арманы» қоғамдық қорының маманы Ерлан Қалиев Бостан ауылында орналасқан «Қарақұдық» орта мектебінің мәжіліс залында 8-9-10-11 сынып оқушылармен кездесіп, оларға «Drunk and Dangerous» («Мас күйінде көлік жүргізу») интерактивті көзілдіргілер, нашақордың жәшігі, «Темекі шегетін Сью» қуыршақ-симуляторы, ЗОЖ чемодан және «Спирттің ақуызға әсері» биохимиялық тәжірибесі арқылы нашақорлық, темекі, арақ және т.с.с. қауіп-қатер факторларының зияны туралы ақпаратты жеткізген.
#біртұтастәрбие_маңғыстау_облысы #мүдделіорганменбірлескенжұмыс_маңғыстау
#қауіпсіздік_болашақ #зажизнь #тазаұлт

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *