“Сегіз қырлы, бір сырлы” атты эстетика және мектеп алды даярлық сыныптарының апталығы аясында өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, белсенділік танытқан білім алушылар мен отбасыларға алғыс ретінде және өзге де білім алушыларды ынталандыра түсу мақсатында марапаттау рәсімі өтті!
Апталықта ұйымдастырылған барлық іс-шаралар мектебімізде қызмет еткен Қонашов Қоңыр ағайға, Тәкенов Есентемір ағайға, Қызылғұлов Құралбай ағайға арналып, ерен еңбегін ауылымыздың болашақ ұрпағына жеткізу. Ұстаздарымыздың ұлы ісін ұлықтау болатын.
