Skip to content

#Repost @zhanartabylganova … Шыны керек, менің тілім – қазақ тілі…

#Repost @zhanartabylganova

Шыны керек, менің тілім – қазақ тілі болғанын мақтаныш етемін. Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Қай заманда да ата-бабамыз есті сөзбен ессізді тоқтатқан. Ақын-жырауларымыз сөзден ой-маржанын теріп, артындағы ізбасар ұрпағының санасына құя білген. Қазіргі таңда тілімізді шұбарлап, қорлайтын, өз тілі тұрғанда ұялмай басқа тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Оған өз басым күнде куә болып жүрмін. Жастардың орыс тіліндегі сөздерді жиі пайдалануы шынымен, адамды ашындырады. Тәуелсіздік алғалы осындай мәселелер жиі көтеріледі. Ондағы мақсат – ұлттық тілдің қадірін қайтару.Жоғарыда айтып кеткендей, тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.Қорыта келгенде, тіл тағдыры – ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Ақын-жазушыларымыз жырлаған тіл – қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек! @karakudyk_mektebi_kmm
@karakia_bilim_bolimi
#туған тілімді сүйемін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *