Skip to content

ӨМІРБАЯН. Алдашов Қобылан Теннағимұлы 1958 жылы Гурьев облысы, Маңғыстау ауданы,…

ӨМІРБАЯН.
Алдашов Қобылан Теннағимұлы 1958 жылы Гурьев облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщыбек ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Ұштаған ауылындағы Ленин атындағы орта мектепті бітіріп, Ильич совхозында жұмысшы болып еңбек жолын бастады. 1978-1980 жылдары Отан алдындағы борышын орындап әскер қатарында болды.
Спорттық ойындардың қандай түрлерінен болса да, атап айтқанда «қазақша күрес»,» еркін күрес», «самбо»,» волейбол», «баскетбол»,» кір тасын көтеру», «ядро лақтыру» сияқты спорт түрлерінен 1-ші, 2-ші орындарға ие болған. « Қазақша күрестен аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, « Алтын кубок»иегері болды.
1984 жылы отбасын құрып, ауылшаруашылығында еңбек етті. 1988 -ші жылы маусым айында Қарақұдық орта мектебінің басшысы Бесімбаев Төребайдың шақыртуымен осы мектепке дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып қызметке орналасты. Жолдасы Набат Ыспайқызымен 2 ұл, 3 қыз бала тәрбиелеп өсірді. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын қасиеті ұл-қыздарына да дарыған. Қобылан Теннағимұлы 2011 жылы дүниеден озды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *