Skip to content

Наурызнама онкүндігі аясында Қазақстанда жыл сайын 16 наурызда атап өтілетін…

Наурызнама онкүндігі аясында Қазақстанда жыл сайын 16 наурызда атап өтілетін "Шаңырақ күні" болып аталады. Шаңырақ – отбасы мен қоғамның негізін құрайтын маңызды құрылым. Бұл күні ел азаматтары отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жастарды дұрыс тәрбие мен патриотизмге баулуға ерекше мән береді. Шаңырақ күні – халқымыздың мәдениетінде үлкен орын алатын отбасылық бірлік пен түсіністіктің мерекесі болып табылады. Шаңырақ күні – еліміздегі отбасы құндылықтарын насихаттайтын ерекше күн. Бұл мереке әрбір қазақстандық үшін отбасындағы беріктікті, өзара құрмет пен махаббатты нығайтуға бағытталған. Президент осы күні қазақстандықтарды жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін ұстануға шақырады. Бұл арқылы жастарымыздың бойында патриотизм, адамгершілік, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыру қажет екендігін атап өткен болатын.

Шаңырақ күні отбасылық құндылықтарды құрметтеу және жас ұрпақты тәрбиелеу тақырыбын алға тартады. Отбасында балаға берілетін тәрбие оның бүкіл өміріне әсер етеді. Балаға сүйіспеншілік, құрмет, жауапкершілік және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді дарыту, оған еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын сыйлау, үлкендердің сөзін тыңдауға үйрету – әрбір ата-ананың міндеті. Осы орайда көпбалалы ана, асыл әже, Нұрғараевтар әулетінің ұйытқысы болып отырған Жаңыл әжеміздің ұл-келіндері, немерелері қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан ұрпақтардың бірлігін шегелеп отыр.
#nauryznama2025 #шаңырақкүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *