Skip to content

Мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Әсел Нұрболатқызы мен тәлімгерінің ұйымдастыруымен ұстаздар…

Мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Әсел Нұрболатқызы мен тәлімгерінің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында Бостан ауылдық әкімінің маманы Қ.Аманжанов мектеп мұғалімдерін алғыс хатпен марапаттап, ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар, ауылдың мәдениет үйінің басшысы С.Сырымов мәдени шараларға ат салысып жүрген мектеп мұғалімдерін марапаттады. Мектеп директоры А.Избасарова мектеп мұғалімдерін облыстық білім басқармасының алғыс хатымен, аудан әкімінің алғыс хатымен, Абб алғыс хатымен және мектеп директорының алғыс хатымен марапаттады. Марапат соңы ұстаздар мен оқушылардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *