Мектебімізде 2021 жылдың сәуір айының 26-30 аралығында жалпы республикалық экология апталығына өз үлестерін қосу үшін іс-шара жоспары жасақталып,жұмыстар жүргізіле бастады.Атап айтсақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жакупова Асел Нұрболатқызы "Біз болашаққа жауаптымыз"атты апталықтың ашылуын онлайн форматта өткізіп,жасалатын жұмыстар жүйесін сынып жетекшілерге,көркем еңбек пәні мұғалімдеріне,биолог мамандарға таныстырып өтті.Барлық мамандар экологиялық бағыттағы іс-шараларға атсалысып,өз үлестерін қосатынын айта отырып,жұмыстардың нәтижесі қуантарлық болатындарына сенімдерін білдірді.

