Мамыр айының күндері мерекелік естеліктерге толы! 7-мамыр "Ұландар" күніне орай мектебіміздің тәрбие орынбасары Әсел Нұрболатқызы және "Қызғалдақ" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.
Мерекелік іс-шараға мектеп басшысы Айгүл Доғдырбайқызы қатысып, салтанатты жиында білім беру және мәдениет саласында еңбек етіп жүрген ер азаматтарды, мектептегі ұландарды құттықтады.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы атынан алғыс хаттарды табыстап, елдің амандығын қамтамасыз ететін ер азаматтарға мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеп әрі қарай концерт басталды!
Ел іргесі бекем, әр шаңырақ шаттыққа тола берсін💫🌟!
