Мамыр айының айлық жоспарына сай 8 "Б" сыныпқа ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты биыл 165 жыл толған қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті тұлғасы, ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлына арналды!
Тәрбие сағатында білім алушыларға Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны түсіндірілді.
Болашақты болжаған көрнекті тұлғаның өмір өлшемінің соңғы сәттерін де атап көрсеткенін естіген оқушылардың таңданысы қызығушылыққа артып сұрақтарын қойды.
Сұрақтар легі ғажапқа толы ғұмыр кешкен Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы тылсым өмірі жайында болды.
мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған).
Тәрбие сағатының мақсаты: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының сара жолын болашақ өскелең ұрпаққа түсіндіру. Тарих пен әдебиеттің ұштасуынан ақпараттар беру. Отаншылдық пен ел үшін еңбек етуге баулу.



