Skip to content

Құқық бұзушылықтың алдын алу жылдық жоспарының наурыз айында Оқушылар арасында…

Құқық бұзушылықтың алдын алу жылдық жоспарының наурыз айында Оқушылар арасында "Қауіпсіз мектеп" тақырыбында күш көрсетудің алдын алу жиналысы өтті.
Жиналысқа мектеп инспекторы Нұрбек Тезекбаев қатысты.
Жиналыста көтерілген мәселелер:
1. Білім беру ұйымында күш көрсетудің алдын алу.
Жоғары сынып және кіші сынып оқушыларының ішкі тәртіпке бағынып, заңсыз ақша жинау, зорлық-зомбылық әрекеттерінің болмауы секілді жат әрекеттерді болдырмау.
2. Қауіпсіз білім беру ұйымындағы 24/7 көрсеткіште жасайтын камера қондырғылары жұмыс жасап тұр.
Оқушылардың басты мақсаты білім алу.
3. Соңғы заңнамаға сәйкес ұялы телефон мәселесі көтерілді.
4. Электрондық темекі/вейптерді пайдалану және сауда орындарында жасы кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын қолданбау бойынша түсінік жасалды!

Қосымша бейнеролик көрсетіліп, синтетикалық өнімдерді қолданбау туралы полиция инспекторы түсінік берді. Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық Кодексі 299-1-бап:
Есірткі,психотроптық заттарды немесе сол тектестерді прекусорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау – 3жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *