Skip to content

Қуаныш бүгін – мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Мектепке келген…

Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем,- деп мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларымызға 1 қыркүйек Білім күніне арналған мерекелік шарамызға 1 және 11 сынып оқушылары қатысты.
Салтанатты жиын мемлекеттік гиміннің орындалуымен басталды. Мектеп директоры Избасарова Айгүл Доғдырбайқызы құттықтау сөз жолдап барша оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар білім саласына үлес қосқаны үшін әріптестеріміз Аудан әкімінің және АББ басшысының “Алғыс хатымен”марапатталды. Мерекелік шараға мектебін сағына келген оқушылар ән мен биден шашу шашып, 1сынып оқушыларына білім шыңына баспалдағы болатын алғашқы қоңырауда соғылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *