Skip to content

“Қоғамға қызмет” жобасы бойынша жоспарлы жұмысын жолға қойған Жалпы білім…

"Қоғамға қызмет" жобасы бойынша жоспарлы жұмысын жолға қойған Жалпы білім беретін Қарақұдық мектебі мектептің 45 жылдығына байланысты 45 іс- шара ұйымдастырды. Іс – шараның мақсаты мектебімізде еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиелеуге бар ғұмырын арнаған, бұл күнде өмірден өткен ұстаздарды еске алу, кейінгі ұрпаққа ұлықтап үлгі ету. Әр бірлестіктің жауапкершілігіне берілген ұстаздарды еске алу өз мәресіне жетіп көпшілік көңілінен шықты. Марқұм Алдаберген Мейіров, Қожақмет Есіркепов, Қазима Сүндетова, Жүзбасар Сапыев, Қалила Қожахметов, Камшат Изтурганова, Қобылан Алдашов, Есентемір Тәкенов, Қоңыр Қонашов, Құралбай Қызылғұлов, Темірбай (Төребай) Бесімбайұлын еске алу шарараларына отбасы , тумаластары, сыныптас достары, жолдастары мен үзеңгілес әріптестері қатыстырылды. Әр бірлестік еске алу кешін түрлі форматта ұйымдастырды. Әр отбасы мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп, өз көңілінен шыққан естеліктерін ұсынып, ұстаздардың портреті QR- кодпен мектеп музейінің төріне қойылды. Қожахмет ағайдың отбасы дауыс шығару аппаратын, Қоңыр ағайдың отбасы түрлі түсті прентр, Құралбай ағайдың отбасы еңбек кабинетіне асханаға қажетті бұйым, Алдаберген ағайдың отбасы бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап орындықтар, Есентемір ағайдың отбасы мектеп музейіне домбыра мен картинка сыйға тартты. Ал Темірбай Бесімбайұлының отбасы мектеп алды даярлық тобының оқу кабинетін толық жабдықтап берді. 40 жыл ұстаздық еңбегінің 35 жылында мектеп басқарған Темірбай Бесімбайұлына арнап кабинет ашылды. Кабинеттің лентасын ауыл әкімі Шаттық Асанов пен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ақбөпе Тынысбайқызы қиып ыстық ықыласын білдірді. Әр отбасына мектеп басшысы Айгүл Доғдырбайқызы өз алғысын білдірсе, еске алу кешін жаугершілікпен өткізген әр бірлестік сый- сияпатын ұсынды. Қараша айында басталған игі істер өз мәресіне жетті. Әр ұстазды ұлықтап зейнеткерлікке шығарып салу мектеп үрдісіне айналған шаралардың бірі болса, биылғы жылы өмірден өткен ұстаздарды еске алу келер ұрпаққа таныту басты парыз болды. Алты алаштың басы қосылса төр ұстаздікі демекші ұстаздарымыздың қашанда мерейі үстем болсын. Бүгінгі ұрпағына өмірден өткен ұстаздар рухы разы болғай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *