Skip to content

“Қоғамға қызмет” жобасы аясында тарих-география-құқық бірлестігінің өткізген еске алу кеші.…

"Қоғамға қызмет" жобасы аясында тарих-география-құқық бірлестігінің өткізген еске алу кеші.

Қоғам – көпшілік адамдардың өмір сүру ортасы. Ортаның жақсы болуы әрбір тұлғаның өміржолының алған бағытына әсер етеді. Сол жолда адам бойына жақсылық, ізгілік, адамгершілік т.б. құндылықтарды сіңіруші тұлға – ҰСТАЗ!

Хәкім Абай айтпақшы "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деген асыл сөзін қадірлей білген бүгінгі мұғалімдердің мойнында үлкен жауапкершіліктің жүгі бар. Сол жүкті өткен кезеңдегі ұлылардан алып, келешекке жеткізу мақсатында ардагер ұстаздардың өмірін, ұстаздық қызметін насихаттау бойынша Есіркепов Қожахмет және Сүндетова Қазима апай ұстаздарға арналған кеш өтті.

Тағылымы мен танымы мол кешке ұстаздардың әріптестері Рухия, Оразхан, Бақтыгүл апайлар және шәкірттері қатысты.
Облысымыздың мақтанышы, мектебіміздің түлегі жыр-термеші Арғын ағамыз мектеп басшысына алғысын білдіріп өзінің кітабын сыйлады!
#біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *