Қазан айының екінші аптасында “ЖББ Қарақұдық мектебінде” қазақтың қабырғалы қаламгері, қаламы қарымды журналисті, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 ж орай “Жүректен маржан іздеген” тақырыбында поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналарың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
