Қазақстан Республикасының 30 жылдығы толуы қарсаңында құрылған "Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық" атты тұжырымданың жоспары барысында мектебіміздің "Заңғар"дебат клубы жетекшісі Ұзақбаев Н "Оқушылардың білім сапасының төмендігіне мұғалім немесе оқушы кім кінәлі?" тақырыбында дебат өткізді.Дебат барысында жақтаушы жақта,даттаушы жақта өз пікірлерін дәйектемелер арқылы жеткізе білді.Бастысы оқушылар дебат алаңында айтылатын мәселені жұдырықпен емес ақылмен,сөз мергендігімен шеше білу керектігін ұғынды. #Жаз2021




